Суық қаруды қолданған бұзақы жазаланды

    Darkhan Muqantegi
    Суық қаруды қолданған бұзақы жазаланды

    Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық сотымен сотталушы  Ж-ға қатысты қылмыстық іс өндіріспен қаралып, аяқталған.  Сотталушы Ж. 2015 жылдың маусым айынның   8 жұлдызында, Ақтау қаласының 13 шағын ауданында орналасқан «Агат» кафесінің қасында қасақана, қоғамдық  ортаны құрметтемей пышақпен бірнеше рет жәбірленуші Т-ға соққылар беріп, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтірген.

    Ақтау қалалық сотының үкімімен сотталушы  Қазақстан Республикасы  Қылмыстық кодексінің 293-бабының  3-бөлігінің  2-тармағымен кінәлі деп танылып,  3 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау орнатылған.  

    Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

     

    Қайнар: 

    Ақтау қалалық сотының баспасөз қызметі

    Қатысты Мақалалар