Бүгін Украина мен Қазақстанның көшбасшылары кезігеді деп күтіліп отыр

    Darkhan Muqantegi
    Бүгін Украина мен Қазақстанның көшбасшылары кезігеді деп күтіліп отыр

     Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов  пен Украина президенті Петр Порошенко  Астанада кездесті. Бұл туралы «Қамшы» порталы  премьер-министрдің сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

    Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелерінің, оның ішінде сауда-экономикалық саланың, отын-энергетикалық және агроөндіріс кешендері туралы мәселенің талқыланғаны айтылады. Украина Президенті Қазақстанға ресми іссапармен келді. Бүгін Порошенко мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездеседі деп күтілуде.  Президенттер екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланған.

    «Қамшы» сілтейді
     

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025