Ағымдағы жылдың 21 тамызында Амстердам-Париж пойызындағы террористті ұстап, медальмен марапатталған Спенсер Стоун кеше түнде Калифорниядағы Сакраменто қаласында пышақталып, жараланған екен. Бұл туралы «Қамшы» порталы euronews.com-ға сілтеме бере отырып хабарлайды.
Жауынгер Сакраменто көшелерінің бірінде орналасқан бар маңайында болған төбелестің құрбанына айналыпты. Оны ауыр жарақатқа жыққандар туралы ақпарат әлі шықпаған көрінеді.
Спенсер қазіргі уақытта ауруханада жатыр, бірақ «Құрметті легион» ордені иегерінің денсаулығына төніп тұрған қауіп жоқ деп сендірді жергілікті дәрігерлер.
Спенсер Стоун АҚШ-тың әскери әуе күштерінде аға-сержант дәрежесінде қызмет атқарады.
Пікір қалдыру