Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов пен Украина президенті Петр Порошенко Астанада кездесті. Бұл туралы «Қамшы» порталы премьер-министрдің сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың кең ауқымды мәселелерінің, оның ішінде сауда-экономикалық саланың, отын-энергетикалық және агроөндіріс кешендері туралы мәселенің талқыланғаны айтылады. Украина Президенті Қазақстанға ресми іссапармен келді. Бүгін Порошенко мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездеседі деп күтілуде. Президенттер екіжақты қарым-қатынастардың, соның ішінде сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың мейлінше өзекті мәселелерін талқылайды деп жоспарланған.
«Қамшы» сілтейді
Пікір қалдыру