Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан азамат айыппұл арқалады

    Қамшыгер
    Су тасқыны туралы жалған ақпарат таратқан азамат айыппұл арқалады Фото: thedigitalspeaker.com

    WhatsApp желісінде еліміздегі төтенше жағдай туралы жалған ақпарат таратқан Ақтау тұрғынына айыппұл салынды. Айыппұл көлемі  73 840 теңгені құрайды. 

    Маңғыстау облысының тұрғынына әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-бөлігі (жалған ақпарат жариялау, тарату) бойынша әкімшілік іс қозғалған.

    "Айыпталушының ұялы телефонынан WhatsApp желісі арқылы Атырау облысында төтенше жағдай орын алғаны туралы жалған ақпарат таратқаны анықталды. Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен кінәлі деп танылған Ақтау қаласының тұрғынына 20 АЕК көлемінде айыппұл салынды", – делінген сот хабарламасында. 

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025