Көлік жуушы клиенттің көлігін мініп кеткен

    Darkhan Muqantegi
    Көлік жуушы клиенттің көлігін мініп кеткен

    Ақтауда автожуу қызметкері клиенттің көлігін айдап әкетті, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz "Ладаға" сілтеме жасап.  

    Басылымның мәліметінше, оқиға қаладағы 28-ші ықшамауданда болған. Полицияға Атыраудың 27 жастағы тұрғыны хабарласып, көлігін жууға апарғанын, дегенмен кейін одан айырылып қалғанын айтады. Полицейлер күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол Өзбекстанның 24 жастағы азаматы болып шықты. Тергеу мәліметінше, автожуушы қолындағы кілттің көмегімен көлікті айдап әкеткен.

    Айта кетейік, осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің "Көлiк құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз айдап кету" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оған екі жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе 1 мың АЕК көлемінде айыппұл салу жазасы қолданылуы мүмкін.
     

     

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025