Өзбекстанда жер сілкініп, ол Шымкентте сезілді

    Darkhan Muqantegi
    Өзбекстанда жер сілкініп, ол Шымкентте сезілді

    Өзбекстан аумағында жер сілкінісі болып, оның дүмпуі Шымкент қаласының тұрғындарына сезілді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

    «ҚР БҒМ ҒК сейсмикалық стансалар желісінде 9 қаңтар күні 05 сағат 02 минутта эпицентрі Алматыдан 703 шақырым жерде, Өзбекстан аумағында жер сілкінісі тіркелді. Жер дүмпуінің энергетикалық санаты 11,1, MPV магнитудасы 5,1. Тереңдігі 20 км. Шымкентте жер дүмпуі 2 балл деңгейінде сезілді. Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы мәлімет жоқ» делінген ҚР ІІМ ТЖК таратқан хабарламада.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025