Теңге бағамы нығая түсті

    Darkhan Muqantegi
    Теңге бағамы нығая түсті

    KASE күндізгі сессиясында доллар бағамы 5 теңгеге түсіп, 375,14 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

    Ал, таңғы сессияда шетел валютасының құны 379,5 теңге болған еді. Бұл тарихи антирекорд болатын.

    Күндізгі сессияда алғашқы сауда 379,5 теңгемен жасалды. Бұл сессия барысындағы ең жоғарғы баға болды. Ал ең төменгі баға 369,95 теңгеге дейін түсті. Сессия кезінде сауда көлемі 87,25 миллион доллардан асты. Ақша айырбастау орындары долларды 375-377 теңге аралығында саудалап жатыр.

     

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025