Brent мұнайы 28 долларға дейін арзандады

    Darkhan Muqantegi
    Brent мұнайы 28 долларға дейін арзандады

    Сәрсенбі Америка нарығындағы мұнай қоры туралы есептің жариялануы қарсаңында мұнай бағасы төмендеп кетті. Аталмыш есепте қордың ұлғайғандығы жария етілуі мүмкін, - деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

    Brent маркалы мұнай баррелінің наурызға фьючерстерінің бағасы ICE Futures лондондық биржада Астана уақытымен сағат 11:00-ге қарай 1,75% арзандап 28,26 доллар болды.

    WTI мұнайының бір баррелінің ақпандағы фьючерстік бағасы Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) 2,74% төмендеп, $27,68 болды.

    Халықаралық энергетикалық агенттік (МЭА) ай сайынғы шолуында «нарыққа Иран шыққандықтан және шикізатқа сұраныс қарқынының баяулауына байланысты мұнай ары қарай арзандайды» деп болжап отыр.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025