• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:06:05
+35°

26 Желтоқсан, 2017 Әдебиет

Бауыржан Момышұлы туралы сіз білмейтін деректер

Орыс тілін әдейілеп әдемі қазақша акцентпен сөйлейтін болған.

Өмірден өткеніне 35 жыл болса да, оның қазақ азаматына сай тік мінезі, өмірінің соңына дейін адам атына кір келтірмегені, артына қалдырған қымбат қазына – кітаптары мен қанатты сөздері бүгінгі ұрпаққа өнеге болмақ. Осындай біртуар батырды қазақ халқына сыйлаған күн құрметіне Бауыржан Момышұлы туралы деректер ұсынамыз.

Бауыржан Момышұлы үш қыздан кейін, әкесінің 53 жасында дүниеге келген.

Бала кездегі лақап аты – «Шаңтимес».

22 жасында әскери қызметті қатардағы жауынгерден бастап, 5 мың басы (дивизия командирі) болу дәрежесіне дейін жеткен.

Соғыс уақытында дивизия басқарған екі-ақ қазақтың бірі болған. Екіншісі – Әбілқайыр Баймолдин.

Мәскеу үшін шайқаста 207 рет ұрысқа кірген.

Бойы 1 метр 78 сантиметр.

Қысты күнгі аязда да терезені ашып ұйықтайтын, қолғап кимейтін болған.

Қолына түскен қағазға ою ойып, сурет салатын болған. Бір-біріне ұқсамайтын 70-ке жуық оюы сақталған.

Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, бастауыш сыныптарға сабақ берген, банк экономисі қызметіне атқарған, ат үстінде қылышпен өнер көрсетудің шебері, соғыстан келген соң жазумен, шығармашылықпен айналысқан.

Орыс тілін әдейілеп әдемі қазақша акцентпен сөйлейтін болған.

Дайындаған:Əсел Асанова
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір