• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
24 Қазан, 00:03:50
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

03 Қазан, 2019 NEWS

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Алматыда қолға түсті

Алматы облысында қылмыс жасады деген күдікке ілігіп, халықаралық іздеуде жүрген азамат Алматыда ұсталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Жиырма жеті жастағы жігіт бөтелкелесін пышақтап өлтірді деп айыпталған.

Қанды қылмыс былтыр Талғар ауданында болған. Жаңа жыл қарсаңында төрт жігіт ішіп отырып төбелесіп қалады. Үшеуі жабылып 35 жастағы жергілікті тұрғынды пышақтап тастаған. Қылмысын жасыру үшін күдіктілер марқұмның денесін арбамен ауылдың сыртына апарып, тұрмыстық қалдықтармен бірге өртеп жіберген екен. Алайда жедел іздестіру барысында марқұмның мәйіті табылып, екі күдікті бірден ұсталған. Ал із жасырып үлгерген үшіншісіне  халықаралық іздеу жарияланды. Сөйтсе ол осы күнге дейін Алматы қаласында бой тасалап жүрген екен. Қамауға алынған азаматқа қатысты кісі өлтіру бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.    

Ернар Сайділдин, Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

– Талғар ауданының тәртіп сақшылары бір тәулікте қылмысқа қатысты үш күдіктінің тұлғасын анықтады. Екеуі сол күні құрықталып, үшіншісі мемлекетаралық іздеуге жарияланды. Ол туралы мәлімет барлық полиция бөлімдеріне, интернет пен БАҚ-қа орналастырылды. Жедел іздестіру кезінде үшінші күдікті де ұсталып, Талғар қаласына жеткізілді.

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір