• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:55:10
Алматы
+12°

Белгілі журналист Қасым Аманжол Жетісу арнасындағы «Қателік» бағдарламасына қатысып, адамзат қателігі, ұлт қателігі, қазақ журналистикасының қателігі және жеке басының қателігі тақырыптарында әңгіме қозғады.

Журналист адамзаттың діни, идеологиялық идеялардың соңынан еріп кеткені үлкен қасіреттерге ұрындырғанын айтты. Оның мысалы ретінде крест жорықтарын, Араб халифаты мен Осман империясының жорықтарын, бүгінгі лаңкестік әрекеттер мен империалистік елдердегі келеңсіздіктерді айтты. Оның сөзінше, адам діншіл болған сайын өзге адамның құқығын шектейді.

Сондай-ақ қаламгер қазақ халқының Абай нұсқаған жолмен жүрмей, надандық, күншілдік, қараңғылық сынды теріс әдеттерден, сатқындық, арамдық секілді мінездерден арыла алмағанына қарны ашып, жүрегі сыздайтынын білдірді. Қазақ халқының тағы бір қателігі – Алаш қайраткерлерінің соңынан ермегені екенін атап өтті.

Қасым Аманжол әңгіме барысында қазақ журналистикасының заманға сай, ешкімнен кем емес, терезесі тең, керегесі кең азаматтық институт болып қалыптаса алмағанын айта келе, өзінің қателігі ретінде журналистика факультетіне оқуға түскеніне қылжылатынын жасырмады.

– Журналистика факультеті мамандық тұрғысынан көп дүние үйрете алған жоқ. Кәсіп таңдау тұрғысынан жас буынға абстактылы мамандықтарды игеруді емес, нақты мамандықтарға қарай бейімделуді ұсынар едім. Айталық шет тілдер факультетін, халықаралық қатынастар, шығыстану сынды тіл меңгеретін, әлемді меңгеретін мамандықтарды таңдауды жөн деп санар едім, – дейді журналист.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір