Қазақстандағы таусылуға аз қалған қазба байлықтың мөлшері айтылды

    Қозыбай Құрман
    Қазақстандағы таусылуға аз қалған қазба байлықтың мөлшері айтылды Фото: baribar.kz

    Қазақстанда қанша қазба байлық қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz дерегіне сүйене отырып.

    Бұл туралы брифингте Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Санжар Жаркешов айтты. 

    «2,3 мың тонна алтын, 35,6 миллион полиметалл, 500 мың тонна сирек кездесетін металл: қалайы, вольфрам бар», – деді Санжар Жаркешов.
     
    Сондай-ақ, ол алдағы уақытта Қазақстанда бірнеше кен орнын ашуға мүмкіндік бар екенін де атап өтті.
     
    Еске сала кетсек, осыған дейін Премьер-Министр Асқар Мамин Қазақстанның қазба байлықтары таусылуға таяу екенін айтқан болатын.
     
     

     

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025