29 Қыркүйек, 2020 NEWS
Getty
Дональд Трамп ондаған адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алған Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстарды тоқтату үшін АҚШ-тың қадам жасайтынын айтты.
Армения мен Әзірбайжанның арасында ондаған жылдар бойы қақтығыс болып келеді. Өткен жексенбіде екі жақтың арасында атыс басталып, бейбіт тұрғындар мен ондаған сарбаз қаза тапты.
Дональд Трамп АҚШ-тың соғысты тоқтатуға тырысатынын айтты.
– Біз оны тоқтата аламыз ба, көреміз, – деді АҚШ президенті.
Жексенбіде АҚШ мемлекеттік департаменті қақтығыстарды айыптайтын мәлімдеме жасады.
Департаменттің өкілі Морган Ортагус "Құрама Штаттар Таулы Қарабах қақтығыс аймағындағы ауқымды әскери іс-қимылдар, соның ішінде бейбіт тұрғындардың өлімі туралы хабарларға алаңдаулы. Біз қаза тапқандар мен жарақат алғандардың отбасыларына көңіл айтамыз. Құрама Штаттар зорлық-зомбылықтың өршуін қатаң түрде айыптайды. Хатшының орынбасары Бигун Әзірбайжанның Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Арменияның Сыртқы істер министрі Зохраб Мнацаканянды екі жақтан да әскери әрекеттерді дереу тоқтатуға, одан әрі шиеленістірмеуге шақырды" деп мәлімдеген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір