• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:19:29
Алматы
+35°

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирус инфекциясының алдын-алу мақсатында жаңа қаулы жариялады.

Қаулыға сәйкес облыстардың және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар төмендегәдей шараларды қолға алуға тиіс.

  • жолаушылар ағынын төмендету және халықтың көп жиналуын болдырмау мақсатында "қарбалас сағаттарда" қоғамдық көлік санын көбейтуы керек;
  • ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат беріледі (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);
  • қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, балалардың аула алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитарлық және дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі;
  • "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы және "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы РМҚК қызметіне рұқсат етіледі;
  • спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы COVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алғаны туралы құжаттамалық растау ұсынған жағдайда облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беріледі;

Қаулы 13 қыркүйек сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді. 

Құжаттың толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір