Білім және ғылым министрлігі мектептерге байланысты тапсырмаларды орындамаған тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін бірқатар өңірдің әкімдіктеріне хат жолдады.
Мәселе мектеп ауласындағы дәретханаларға қатысты сұрақтарды шешу және бейнебақылау камералармен, дабыл батырмалары және қауіпсіздік жүйелерінің басқа элементтерімен қамтамасыз ету туралы болып отыр.
Мектептерді қаржыландыру функциялары, олардың құрылысы және қажетті жағдайлар жасау, оның ішінде санитарлық, қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету мәселелері заң жүзінде әкімдіктердің құзырында.
Оқу жылының басталуы қарсаңында БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетінің қызметкерлері өңірлердің барлық облысы мен қалаларындағы әкімдіктерге ведомстволық бағынышты мектептерді тексерді.
Пікір қалдыру