12 Қаңтар, 2022 NEWS
Суретті түсірген Ж.Жұмабеков
Мәжіліс елдегі жағдайды тұрақтандыруға бағытталған заң жобаларын жедел қарайтын болады. Бұл туралы бүгін палата төрағасы Нұрлан Нығматулин жалпы отырыста айтты.
Мәжіліс спикері атап өткендей, кеше ғана мәжілістің онлайн отырысына қатысқан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанымыздың алдында тұрған негізгі мақсат-міндеттерді белгілеп берді.
Сонымен қатар, президенттің тапсырмасы бойынша елімізде бұрын болмаған жаңа «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры құрылатынын айтқан палата спикері ол қор тікелей әлеуметтік саладағы маңызды мәселелерді шешумен айналысады. Сонымен бірге, екі айдың ішінде халықтың тұрмысын жақсарту бағдарламасы қабылданатын болады.
Мәжіліс төрағасы депутаттар Үкіметпен бірлесіп, осы жұмыстарды жоғары деңгейде жүзеге асыру керектігін баса атап өтті.
Мәжілістің баспасөз қызметі
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір