Қақтығыстың сегізінші күні. Украинада не болып жатыр?

/image/2022/03/04/crop-10_10_454x806_screen-shot-2022-03-04-at-10.30.35-am.png

Украин-Ресей қақтығысының сегізінші күніндегі маңызды ақпараттар төменде ұсынылған.

Украина президенті Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннен жеке келіссөздер жүргізуді сұрап, бұл – соғысты тоқтатудың жалғыз жолы екенін айтты.

♦ Сондай-ақ ол Батыстан басқыншылықпен күресу үшін ұшақ жіберуді сұрады.

♦ Ресей мен Украина келіссөзшілері бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліздер ұйымдастыруға келісті.

♦ Ұлыбритания тағы екі ресейлік олигархқа қарсы санкция салды.

♦ "Украинаның Ресеймен шекарасына жақын оңтүстіктегі Мариуполь портында бейбіт тұрғындарға оқ жаудырылды" деп хабарлады BBC. Егер Ресей оңтүстіктегі қалаларды басып алса, украин әскерлерінің теңізге шығу жолы жабылуы мүмкін.

♦ Киев әлі де украин үкіметінің бақылауында, ал Ресейдің ірі броньды колоннасы Киевтен біршама қашықтықта.

♦ Украинаға басып кіргеннен бері миллионнан астам адам елден босып кеткен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар