МАГАТЭ Украинадағы АЭС жағдайы бойынша Киевпен байланыста екенін хабарлады

/image/2022/03/04/crop-8_8_400x605_65a17def-2093-4c7a-883a-a026db0ee3e1.jpeg
 
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Запорожье атом электр станциясы атқылануына байланысты Украина билігімен байланыста екенін мәлімдеді.
 
Зауыттың баспасөз хатшысы Андрей Туз әлеуметтік желіде ресейлік күштерден "ауыр қарудан атуты тоқтатуды" сұраған.
 
"Еуропадағы ең ірі атом станциясында нақты ядролық қауіп төніп тұр" дейді Андрей Туз Telegram желісіндегі видеода.
 
Туз зауыт ресейлік снарядтардың тікелей шабуылына ұшырағанын және өрт сөндірушілердің тұтанған өртке жақындай алмайтынын айтты.
 
Оның сөзінше, өртеніп жатқан реактор жаңартылып жатқан, қазір жұмыс істемейді, бірақ оның құрамында ядролық отын бар.
 
Запорожье елдегі энергияның шамамен 25%-ын қамтамасыз етеді.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар