Белсенді, оппозиционер Жанболат Мамай ақпан айынан бері қамауда отыр. Ол алдымен қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған қаралы митингті ұйымдастырғаны үшін 15 тәулікке, артынша екі қылмыстық іс бойынша екі айға қамауға алынған. Оған "қарабет" дегені үшін құқыққорғау органы қызметкерін қорлады, несие амнистиясына байланысты "жалған ақпарат" таратты деген айып тағылып отыр. Аталған айыптарға сәйкес, сот кінәлі деп тапса, белсенді 3 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жуырда Жанболат Мамайдың жақтастары оны абақтыдан амнистиямен алып шықпақ болған. Рақымшылық үрдісі бойынша, айыпталушы кінәсін мойындауға тиіс. Алайда Мамай "мойындайтындай еш кінәм жоқ" деп, өзіне тағылған айыпты мойындаудан бас тартып, қамауда қалған.
Пікір қалдыру