• USD 415.12

  • EUR 443.06

  • RUB 7.41

  • CNY 62.21

25 Мамыр, 21:33:24
Алматы
+19°

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев facebook парақшасында ел астанасының ескі атауын қайтару, Павлодар облысын "Сарыарқа", Қызылорда облысын "Сырдария", Петропавл қаласын "Абылай хан" деп атауды ұсынған Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Лама Шарифке сөгіс жариялады. 

"Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері әдеп кодексінің 9-тармағының талаптарын сақтамағаны үшін Қазақстанның Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шарифке сөгіс жариялады" делінген Ақорданың ресми "Борт №1" Telegram-каналында.

 

Қазақстан Республикасы әдеп кодексінің 3-тарау 9-тармағында "мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік жұмыс мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмесе, жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса және мемлекеттің лауазымды адамдарының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепсіз сөздерді қамтитын болса, көпшілік алдында білдірмеуге тиіс" делінген.

Ал Қайрат Лама Шариф сөгіске себеп болған facebook-тегі жазбаларын өшіріп тастаған.

Бұл жаңалық Ресейлік ақпарат құралдарының назарынан да тыс қалмады. Президент сөгісі шығысымен ресейлік медиақұралдар "Тоқаев деруссификация жасауды ұсынған елшіге сөгіс жариялады" деп жарыса жазып жатыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір