Бір жылда қайталама нарықтағы пәтерлердің бағалары 27,7%, жаңа тұрғын үйлерді сату 20,3%-ға қымбаттаған. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 22,2% жоғары. Бұл туралы статистика комитеті хабарлады..
Статистика комитетінің мәліметінше, тұрғын үй бағасы бесінші жыл қатарынан өсіп жатыр. Бағаның төмендеуі 2016 жылы ғана тіркелген. Ол кезде жаңа тұрғын үй нарықта 3,6%-ға арзандаған. 2017 жылы қайта сату нарығындағы шаршы метрдің бағасы 1,6%-ға арзандаған.
Пікір қалдыру