07 Желтоқсан, 2022 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Асайын Байханов Павлодар облысының әкімі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Ақорда.
"Асайын Қуандықұлы Байханов Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 150 мың халқы бар Павлодар облысындағы Екібастұз қаласының тұрғындары қақаған аязда бірнеше күн бойы жылусыз қалғаннан кейін Әбілқайыр Сқақов қызметінен босатылған еді. 27 қарашаға қараған түні жергілікті жылу электр орталығындағы қазандықтар істен шығып, ондаған көпқабатты тұрғын үй, сонымен бірге жеке үйлер мен әлеуметтік нысандар 30 градус аязда жылусыз қалған. Бұған дейін Павлодар облысы әкімінің міндетін атқарушы болып Олег Крук қызмет атқарды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір