04 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Абай облысында болған өрттің шығын көлемі есептелмеген. Бұл туралы Үкімет кулуарында Зүлфия Сүлейменова айтты.
"Әзірге апатты жою жұмыстары аяқталған жоқ. Екі аптадан кейін арнайы жұмыс тобы құрылып, өрт болған аумаққа барып, келтірілген шығын көлемін есептейді. Аймақ экологиясына қандай залал келгені жөнінде қандай да бір ақпараттар жарияланып жатқан болса, бұл адамдардың тұспалдап, жобалап айтып жатқан деректері, ресми мәліметтер емес" - деді министр.
Еске сала кетейік, "Семей орманы" резерватында болған өрттен 60 мың гектар жер өртеніп, 15 қаза тапқан болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір