Қазақстанда педофилдерге қарсы жаза күшейтіледі

/image/2023/09/01/crop-4_40_670x1191_1683455543_kartinkof-club-p-pedofiliya-kartinki-25.jpg

Қазақстанда балаларға зорлық-зомбылық көрсеткендерге жаза күшейтіледі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жолдауында айтты. 

"Мен Мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе", – деді президент.

Мемлекет басшысы білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажеттігін айтты.

"Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек. Сапалы орта білім алу – әрбір баланың мызғымас құқығы. Мұндағы ең түйінді сөз – "сапа". Сондықтан білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет", – деді Тоқаев.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар