• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 17:42:15
Алматы
+8°

Бүгін ҚМДБ ұйымдастыруымен өткен Астана қаласында тұңғыш рет өткен халықаралық Құран жарысы аяқталды. 2 күнге жалғасқан байқауға әлемнің 26 елінен қарилар қатысқан. Қасиетті кітапты жатқа мәнерін келтіріп айтқан қариларға Мысыр, Түркия және араб елінінен келген қарилар қазылық етті.

Халықаралық байқауға Қазақстан атынан 2 қари қатысты

Әлемдік талаптарға сай байқау өтетін елдің атынан 18-30 аралығындағы 2 қари қатыса алады. Ұйымдастырушылардың іріктеуімен,  Түркістанда Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан Х республикалық байқаудың «30 пара» номинациясы бойынша бас жүлде иегері Әлібек Жалиев (Шымкент қаласы) пен 2022 жылы Қызылордада өткен ХІ республикалық байқаудың жеңімпазы Иманәлі Мырзагелді (Жамбыл облысы) қатысатын болды. Олар 20 жаста. 

Қазақстан атынан байқауға қатысқан қари Иманәлі Мырзагелді Астанада өткен Құран жарысы әлемдік байқаулардан кем өтпегенін айтты. 

"Құранды 6 жасымда жаттап бастадым. 12 жасымда Құранды толық жаттауды аяқтадым. Әлемнің басқа мемлекеттерінде өткен байқауға қатыстым. Мұндай жарыс елімізде тұңғыш рет болып жатқандықтан орны ерекше. Әлемдік жарыстардан артық болмаса, кем өтпеді. Соған тәнті болып отырмын", дейді қари жігіт. 

Бас мүфти: Құран жаттаған барлық адам – жеңімпаз

Шараның соңында қорытынды сөз сөйлеген Қазастан діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысушылар мен әділ-қазы алқасына алғыс білдірді. 

аыолв

"Сіздер әлемдегі ең үздік әрі таңдаулы қарисыздар. Осы жерде отырған қарилардың тілі мен нәсілі әртүрлі болғанымен тілегі мен ниеті, жүрегі мен мақсаты бір. Бізді біріктіретін ортақ құндылық – Құран. Қасиетті болған Құран барлық мұсылмандарды ортақ мақсатқа жұмылдыратын ұлы кітап. Бүгін әлемнің түкпір-түкпіріндегі мұсылмандарды Астанаға жинаған да Алланың сөзі Құран деп айтар едім. Менің ойымша, жарысқа қатысқан барлық қари – жеңімпаз. Өйткені мұсылман үшін Құран жаттаудан артық мәртебе жоқ", деді бас мүфти.  

Әлемдік байқауды қаржылай қолдаған депутат кім?

Шара соңында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы І халықаралық Құран жарысына қазылық жасаған қари-ұстаздар – Осман Сахин (Түркия), Жахонгир Нематов (Өзбекстан), Махер Фарамауи (Мысыр Араб Республикасы), Абдулла Әли Әлхашми (Біріккен Араб Әмірілігі) және әділқазылар алқасының төрағасы Ерсін Әміреге алғыс хат табыстады.

Сондай-ақ шараға қаржылай қолдау білдірген азаматтардың аты аталып, бас мұфтидің алғыс хаты табысталды. Олардың арасында Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров та бар. Сонымен қатар Серікжан Сейітжанұлы, Дінмұхаммед Идрисов, Бахараддин Абдулазимов, Қайрат Базарбайұлы, Олжас Сүлеймен секілді азаматтар да халықаралық байқауға қаржылай қолдау көрсеткен. 

Бас жүлде – 9 млн. теңге кімге бұйырды?

Қазылар алқасының шешімімен елімізде тұңғыш рет өткен Құран жарысының жеңімпаздары төмендегідей:

І орын ($20 000) – Ильяс Хажри (Марокко Корольдігі) 

ІІ орын ($ 15 000) – Турпал-Али Садыков (Ресей Федерациясының Шешен Республикасы)

ІІІ орын ($ 7 000) – Малек Абдулла Албадин (Либия мемлекеті)

ІІІ орын ($ 7 000) – Сағд Салим (Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы)

ІV орын ($ 5 000) – Абдурахман Фараж Хафиз Барағи (Мысыр Араб Республикасы)

V орын ($ 3 000) – Мұхаммед Адиб бен Ахмет Разани (Малайзия)

Сондай-ақ байқауға қатысқан басқа қатысушыларды ынталандыру мақсатында 500 АҚШ доллар сыйақы берілді. 

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір