• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

12 Қараша, 04:51:15
Алматы
+12°

23 Ақпан, 2024 Барлық аймақтар

Зейнетақы жинақтарынан енді венчурлық қорларға қаржы құйылады

БЖЗҚ қорына венчурлық қорлардың акицяларын сатып алу құқығы беріледі

gov.kz

Елімізде инновация мен жаңа технологияларды дамыту үшін венчурлық секторға қомақты қаржы бөлінбекші. Яғни, инвестиция "Самұрық–Қазына" компанияларынан, банктерден, сақтандыру компанияларынан және зейнетақы қорларынан тартылмақ. 

Сондай-ақ Қазақстанның Кәсіпкерлік кодексі мен Әлеуметтік кодексіне өзгертулер енгізу жоспарланып отыр. Өзгертулер жобасы дайын, ол жақын арада Мәжілістің талқылауына ұсынылады. 

Цифрлық даму министрлігінің түсіндірме жазбасына сәйкес, бұл шара президенттің венчурлы қорларды қаржыландыруға шетелдік және отандық инвесторларды тарту жөніндегі тапсырмасымен орындау үшін қолға алынған. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры енді венчурлы қорлардың жарғылық капиталындағы үлестерді немесе қатысу үлестерін сатып ала алады. Одан инвестициялық табыс көруге де құқылы болады. Егер жобалар табысты жүзеге асып жатса, жоғары инвестициялық табыс есебінен қазақстандықтардың жеке жинағының сомасы да арта түседі.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір