Гаага соты: Иран мен Қытай Израильдің әрекетін заңсыз деп тануды талап етті

/image/2024/02/23/crop-105_3_443x591_gaaa.webp

«Газада жүріп жатқан соғыс «ондаған жылдарға созылып келе жатқан,  палестиналықтарды басып-жаншудағы Израиль езгісінің көрінісі» деп Euronews ҚХР СІМ өкілі Ма Синьминнің сөзін келтіреді.

Палестиналықтардың тәуелсіз мемлекет құруға ұмтылысы, негізінен заңды құқықтарын, өзін-өзі тану құқығын қалпына келтіру болып табылады. Президент мырза, сот төрелігі шешім шығаруда асығар емес, бірақ бір байламға келу керек. Палестина мәселесін шешу үшін Палестина мен Израильдің өзара күш-жігері қажет", - деді Ма Синьмин.

Өз кезегінде Иран өкілі: "Израиль режимі еш қымсынбастан Газа секторында қылмыстық әрекеттерге әлі баруда» дей келіп, БҰҰ соты шешім қабылдауда аталған жағдайға ықпал ете алады деген үмітін білдірді.

Еуропа елдері мен БҰҰ СІМ басшылары гуманитарлық дағдарыстың шиеленісуіне байланысты Газа секторындағы атыс-шабысты доғаруға шақырды.

Алайда Израиль әскерінің бас қолбасшысы Бени Ганцтың сөзі қарама-қайшы жағдайды сипаттайды.

«Егер ХАМАС 7 қазаннан бастап ұсталған 130-ға жуық кепілге алынған адамды босатпаса, мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының басында Рафақта құрлық шабуылын бастаймыз» деп ол доқ көрсетті.

Ал Рафақ - әскери шабуылдардардан бас сауғалаған 2,3 миллион Газа халқының тең жартысы паналаған қала.

Израиль билігі әскери іс-қимыл алдында қаланың бейбіт тұрғындарын эвакуациялайтынын мәлімдеді. Бірақ қайда? Осы сұрақ халықаралық қауымдастықты мазалайды. Себебі Газа секторында аман қалған тыныш аумақ жоқ. Сондықтан бейбіт тұрғындар арасында құрбандардың саны артуы ықтимал деген болжам да бар. Палестина билігінің мәліметі бойынша, атыс-шабыс басталғалы 29 400-ден астам адам опат болған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар