Қазақстанда университеттерде оқу құны тағы өсе ме?

    Бифат Елтаева
    Қазақстанда университеттерде оқу құны тағы өсе ме? Фото: amanatpartiasy.kz

    Қазақстандағы жоғары оқу орындарындағы оқу ақысы қазірдің өзінде арзан емес. Ұлттық университеттерде баға шарықтап тұр. Жаңа оқу жылында ақылы оқу құны тағы қымбаттауы мүмкін бе? - деп сұрады БАҚ өкілдері.

    – Негізгі мәселе – оқу сапасын көтеру. Біз келесі жылдан бастап берілген мемлекеттік гранттардың сомасын ұлғайтымыз. Ұлттық университеттерде биыл жылына 1,2 млн теңге болса, жалпы мемлекеттік, өңірлік университеттерде 900 мың теңгенің маңайында. Бұл – мемлекеттік гранттың құны. Бұл ақша жеткіліксіз. Былай есептеп көрсек, 2 мың доллардың шамасында, яғни, бір баланы бір жыл жоғары білім жүйесінде оқыту үшін біз 2 мың доллардан жұмсаймыз. Білім сапасы сол – 2 мың доллардың сапасы. Сондықтан қазір гранттардың құнын ұлғайтамыз, бірақ ақылы түскен балаларға қолдау ретінде оны реттеп отырмыз, – деді министр Саясат Нұрбек.

    Жоғары білім министрлігінің басшысы биыл қосымша 4 құрал енгізілетінін жеткізді.

    – Біріншіден, ақпан айынан «Ұлттық қор – балаларға» деген құрал басталды. Әр балаға осы жылдан бастап арнайы шоттар ашылды, ұлттық қордан түскен пайда сол шоттарға жинақталады. Екіншісі – «Келешек» жинақтаушы жүйе. Оны осы жылдың соңында бастаймыз. Үшіншісі – жеңілдетілген несиелер, оны да осы жылдың соңына дейін жоба ретінде бастаймыз. Төртіншісі – сараланған грант жүйесі. Енді жоғары балл алған, бірақ өзінің таңдаған мамандығына түсе алмағандарға 50%-75%-ға дейін сараланған гранттар береміз. Ақылы оқу құнын реттеп, ұстап тұрамыз. Тек қана университеттерге инфляцияның индексациясына рұқсат береміз, – деп түсіндірді ол.

    Қатысты Мақалалар

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    Бәріміз қазақпыз ғой!

    12:57, 06 наурыз 2025