Айымыз егіз екен ғой

/uploads/thumbnail/20170708215534510_small.jpg

Қадамынан жанып күн,

Қаламынан тамып мұң

Қағанақ жарған сәті бұл

Ақпанда туған алыптың

Сап таза алтын сәулеті,

Болмаса да артық дәулеті

Шаттыққа шомған күн бүгін

Мақатаев әулеті

Қас пенен көздің арасы,

Сілкініп қазақ даласы

Өлеңге айналған толғағын

Сезді ме екен анасы?

Ақиығысың аспанның

Ұшында түлеген асқардың.

Ақ бұрқақ атқан жырларың

Қасиеті шығар ақпанның,

Табиғаты да өзгеше,

Ақын да ақпан ендеше!

Өмірге келген екенбіз

Сен бүгін, Мұқа мен кеше!

Сілтесем қолым жетердей

Мұқаңдар туған көкем ғой

Күніміз жалқы болғанмен

Айымыз егіз екен ғой

Ғұмырымды жаулап от бейне,

Ойланам шығып беткейге.

Туылсам ақпан тоғызы

Сіздей болар ма едім деп .

Бір ай, бір күн бөле боп

Өмірге келсек бөлек ед

Жазғырам кейде өзімді

Жата тұрмағам неге деп.

Саңқылын естіп қыранның

Дүбірін аңсап құланның

Мақатаевты көруге

Асығып кеткен шығармын!

Барыңда басың төрлемей,

Жалғанға жаның болды өгей

Тәуліктер бөліп жатқанмен

Өзімізді өмір бөлмегей!

Танымалы айтыскер ақын Қалихан Қабдырасолұлы

2016-жыл Ақпанның 9-жулдызы .

- Алматы таңы

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар