Қазақстанда және Қытай қазақтары арасында танымал әнші, сазгер, қазақ еліне «Қара жорғаны» қайта айтқызған өнер иесі Қажымұрат Шешенқұлдың орындауындағы «Жұмбақ қыз», «Жақсы екен» әндері де Қытайда кең танымалдыққа ие болуда. Ғаламторда кеше жарияланған бұл әндер бір күн ішінде 300 мың рет қаралып, тыңдармандарын тәнті еткен.
Әншінің орындауындағы «Жұмбақ қыз» әнінің сөзін Жеңіс Төлеубай, әнін Орман Шәменұлы жазса, «Жақсы екен ғой» әнінің сөзі Шалқар Қаныкейұлынікі, әнін Қажымұраттың өзі жазған.
Пікір қалдыру