Астана прокуратурасы: Ерасыл Әубәкіров ісі бойынша ұсталғандар арасында прокуратура қызметкері жоқ

/uploads/thumbnail/20170708220149734_small.jpg

Астана қаласының прокуратурасы Астанада өлтірілген студент Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысты деп ұсталғандар туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Прокуратура ұсталғандардың біреуі бұрын прокуратура органдарында қызмет еткен деген мәліметті жоққа шығарып отыр.

«Кей ақпарат құралдарында Ерасыл Әубәкіров ісі бойынша ұсталғандардың бірі бұрынғы прокуратура қызметкері екендігі айтылуда. Осыған байланысты қала прокуратурасы мынаны хабарлайды: қазіргі уақытта қамауға алынған, 1994 жылы туған Нұрбек Әжімбай 2015 жылы 29 маусым мен 31 желтоқсан аралығында Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жолдамасымен халықты жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша Сарыарқа ауданының прокуратурасына жіберіліп, онда техникалық жұмыстар атқарды (нарядтарды құру, құжаттар тігу). Ол үшін еңбекақы жұмыспен қамту басқармасынан төленді. Н. Әжімбай жедел қызмет атқаратын прокуратура қызметшісі болған жоқ», - делінген прокуратура таратқан хабарламада.

Естеріңізге салсақ, Астана қаласында 3 ақпанда жоғалған студен Е. Әубәкіровтің мәйіті кеше Астананың сыртынан табылған болатын. Студентті азаптап жатқандардың видеосы бірқатар ақпарат құралдарында таратылды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар