БҮГІН АҚЫН ЖҮРСІН ЕРМАННЫҢ ТУҒАН КҮНІ

/uploads/thumbnail/20170708220151812_small.jpg

Қазақ айтысының қара нары, ақын, қоғам қайраткері Жүрсін Ерман бүгін 65 жасқа толып отыр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Елімізде ақындар айтысын насихаттауға, талантты айтыс ақындарын қолдауға үлес қосып жүрген Жүрсін Ерман бүгін 65 жасқа толып отыр. Жүрсін Ерманның ұйымдастыруымен өткен жылы желтоқсан айында Алматы қаласында Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік толғауы» республикалық ақындар айтысы өтіп, бас жүлде «Алтын домбыраны» керекулік ақын Аспанбек Шұғатаев иеленген болатын.

Айтыс өнері – қазақтың жалпы халықтық деңгейдегі, кәрі-жас демей, күн-түн демей көретін өнер түрі. Оның қасиет-қадірі бізге дуалы ауыз қариялардан дарыды. Ал, бүгінгінің қариясы кім? Айтыстың бүгінгі жанашыры кім? Ол әрине, Жүрсін Ерман. Жүрсін ағамыз жайлы бір ауыз сөзбен айта салу қиынның-қиыны. Ол кісі туралы неге сөз қозғады деп отырсыздар ғой?! Бүгін сол асыл ағамыздың туған күні. Жүрсін аға, туған күніңіз құтты болсын! Өнерге, айтысқа, поэзияға қалдырған қолтаңбаңызды қазақ ешқашан ұмытпайды. Аман болыңыз! Деніңіз сау болсын! Әр бастаған ісіңіздің қасынан біздер табылып жүре берейік!

Ұлт үшін, айтыс үшін тыншымаған,

Өлең боп өрілсекен бүл сыбағам.

Айтыс үшін боп жүрсің ала шапқын,

Тіріңде қадырыңды білсін Адам!

Өзіңді шатығың мен құттықтаймын,

Аман бол, айналайын, Жүрсін ағам!

Ақын 1951 жылы бұрынғы Жезқазған облысы Жезді ауданының Байқоңыр ауылында дүниеге келген болатын. 1976 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдаған ол әр жылдары аймақтық, республикалық ақпарат құралдарында қызмет етті. 100-ден астам мақала мен «Жанартау» (1983), «Арайлы күн, Армысың» (1985), «Ұлытауға бардың ба?» (1989), «Құдіретке жүгіну» (2004), «Екі тізгін, бір шылбыр» (2006), «Құстың көлеңкесі» сынды еңбектердің авторы.  

Ерлан Төлеубай

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар