Әлеуметтік желіде Қазақстан азаматының жеке бас куәлігін қолдан жасау әрекеттері қызу талқылануда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Нұрлан Құлымбетов есімді Фейсбук желісінің қолданушысы өз парақшасында Борис Мидзяновский есімді азаматтың жеке куәлігіндегі суреттің ауыстырылғаны туралы жазады.
«Біреулер сыртттарыңыздан несие алып жүрмесін. Куәлік жоғалтсаңыздар құзырлы органдарға бірден хабар берген дұрыс. Мына біреудің істеген қулығын қараңыздаршы!», - дейді ол.
Желі қолданушысы жариялаған суреттерден жеке бас куәлігіндегі куәлік иесінің суретінің үстіне мөлдір пленкаға басылған басқа адамның суреті жабыстырылғаны анық көрінеді.
Пікір қалдыру