Ерасыл Әубәкіров өліміне күдіктінің адвокаты оқиғаның мән-жайын жайып салды (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708220249923_small.jpg

Астанада айуандықпен өлтірілген студент Ерасыл Әубәкіровтің өліміне қатысы бар деп қамауға алынған Нұрбек Әжімбайдың қорғаушысы болған оқиғаға байланысты қосымша мәліметтерді жария етті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, оқиғаға қатысы бар төрт адам анықталған. Біреуі адвокат Ғабиден Бөкеновтің қорғауындағы Нұрбек Әжімбай, екеуі сонымен бірге қамауда отырған Аян мен Виталий деген жігіттер. Тағы бір А. Мейрбаев деген күдікті бүгін тұтқындалған.

«Олардың барлығы коттеджде болған. Менің қорғауымдағы Нұрбек, Аян, Виталий және төртінші адам. Н. Әжімбай коттеджден қашып шыққан соң, оған телефон соғып студенттің өлгенін хабарлаған. Ол қорқып, полицияға барған», - дейді адвокат.

Заңгерлер болған оқиғаны видеоға түсіру әрекетінің қаншалықты қылмыс екеніне қатысты пікір білдіруде.

«Болған қылмысты видеоға түсіруге тыйым салынбаған. ..Бұл үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылмаған. Бірақ, егер ол видеоға түсіріп, бірақ, болған жайды полицияға хабарламаса ол жауапқа тартылады. Егер нақты кісі өлтіру оқиғасы екенін білсе, аса ауыр қылмыс туралы ақпаратты хабарламау туралы баппен жазаға тартылады», - дейді заңгер Джохар Утебеков.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар