Жамбыл атындағы филармония «Валентин күніне» концерт бермек

/uploads/thumbnail/20170708220338939_small.png

Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы 14 ақпан күні «Махаббат мелодиясы» (Мелодии романтизма) атты концерт ұйымдастырмақ, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Осы күні көрермендерге ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Жанат Ерманов жетекшілік ететін ағаш үрмелі аспаптар мемлекеттік квинтеті өнер көрсетпек екен. Квинтет құрамында Сұлужан Елубаева (флейта), Әл-Фараби Бақтяиров (гобон), Манарбек Сәбитов (вапторна), Талғат Сапабеков (фагот) сынды инструменталистер бар.

Өнерпаздар «махаббат күнінде» тыңдармандарына классикалық музыканың ең романтикалық туындыларын ұсынбақ.  

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар