Кеше сайтымызда продюсер Баян Есентаева жариялаған байқаудың екі финалисті анықталғанын хабарлаған болатынбыз.
Бүгін продюсер кішкентай баланың моңғол тіліндегі әнін айнытпай қайталай алған 21 жастағы студент Бекжан Сауырбаев (видео) пен Арсен Тахан (видео) есімді балаға жүлдені тең бөліп беретінін айтты.
«Мен өз дауысымды оң жақта тұрған балаға берер едім. Бірақ, әрине күштері тең емес. Кішкентай бала өзінің жасына лайықты өте жақсы айтып шыққан. Сайыстың қиындығын ескере отырып, мен жеңісті екі бірдей адамға беруді ұйғардым. Құттықтаймын!, – деп жазды продюсер. Ол сондай-ақ, барша қатысушыларға да алғысын білдірді.
Еске сала кетсек, Баян Есентаева өзінің Инстаграмдағы парақшасында конкурс ұйымдастырып, жеңімпазға 1000 доллар ақшалай сыйақы беруге уәде еткен болатын. Сайыс шарты бойынша, кез-келген қатысушы моңғол баласының өлеңін дәл сол дауыс ырғағымен қайталап шығуы тиіс болатын.
Пікір қалдыру