Астанада өлтірілген студент Ерасыл Әубәкіров ісі бойынша күдіктілер сот қаулысымен екі ай мерзімге қамауға алынды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының қаулысымен күдіктілер А. Тихоненко, В. Шерстенев пен Н. Әжімбай екі ай мерзімге қамауға алынды. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлімі 7-тармағы (алдын ала келісім бойынша топталып кісі өлтіру) бойынша айып тағылуда», - делінген сот хабарламасында. Сот қаулысымен қамауға алынған Н. Әжімбай Е. Әубәкіровті соққыға жығу сәтін видеоға түсірген күдікті екенін естеріңізге саламыз.
Бұған дейін тағы бір күдікті А. Мейірбаев қамауға алынған болатын.
Естеріңізге салсақ, Астана медициналық университетінің студенті Ерасыл Әубәкіров 3 ақпан күні жоғалып кетіп, мәйіті 10 ақпанда қала сыртынан табылды. Әлеуметтік желілерде марқұмды азаптау сәті түсірілген видео да таралған болатын.
Пікір қалдыру