Қарағандыда соғыс ардагерін өлтірген үш жігіт қолға түсті

/uploads/thumbnail/20170708220621691_small.jpg

Қарағанды облысы ІІД Шахтинск қаласында тұратын соғыс ардагерін өлтірді деген күдікпен үш азаматтың ұсталғанын хабарлады.

«12 ақпан күні облыстық ІІД криминалды полициясының және Шахтинск қаласы ІІБ қызметкероерінің жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде ауыр қылмыс жасады деген күдікпен облыстың үш тұрғыны ұсталды. Олардың екеуі Шахтинск қаласында, біреуі Қарағанды қаласында жасырынып жүрген жерінен қолға түсті. Ұсталғандардан заттай айғақтар тәркіленді және олар кінәларын мойындады», - делінген ІІД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ұсталған азаматтар 10 ақпан күні Ұлы Отан соғысының ардагерін өз пәтерінде соққыға жығып өлтірген.

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар