Оралдағы сауда орталығында лаңкестік әрекеттен сақтану үшін дәретханаға бейнекамера қойылған (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708220624035_small.JPG

Орал қалаындағы ірі сауда орталықтарының біріндегі дәретхана ішіне қойылған бейнекамера жұртшылықтың наразылығын туғызуда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілеме жасап.

Бейнеқұрылғы дәретхана ішіндегі писсуарлардың дәл үстіне орнатылған көрінеді. Адам құқығын қорғау жөніндегі бюроның осы облыстағы өкілі Павел Кочетков бұл әрекеттің заңға томпақ келетінін айтып отыр.

«Бұл адам құқығын тура мағынасында аяққа таптау. ҚР Қылмыстық кодексінде 147-бап бар. Сол бап осы құқықты қорғайды. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтарының жеке өмірінің қауіпсіздігі мен қол сұғылмаушылығына кепілдік беретін қаншама халықаралық заңдар мен пактілер бар. Бейнежазба қандай мақсатпен жүргізілетіні белгісіз ғой. Оның үстіне кім біреудің өзінің дәретке отырғанын көргенін қалайды?», - дейді заңгер.

Ал, сауда орталығының әкімшілігі бейнекамераның лаңкестік әрекеттердің алдын алу үшін қойылғанын айтып ақталуда.

«Біздің сауда орталығының айналасы толық бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Бұл лаңкестік әрекеттер орын алмас үшін керек. Ондай жағдайдан ешкім қорғалмаған. Біз бұл мәселеде халықаралық тәжірибеге жүгінеміз. Камералардың орналасуы ішкі істер органдарымен келісілген, ешқандай заң бұзушылық жоқ», - дейді CityCenter сауда орталығының қауіпсіздік қызметіндегілер. Олардың айтуынша, бейнекамера дәретханаға кіреберіс есікке бағытталған көрінеді.

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар