ЭКСПО-ны аяқтау үшін 85 миллиард теңге бөлініпті. Кеше ғана қарапайым сатушы жігіт айтқан жай есіме түсіп кетті. Ол «ЭКСПО» салып жатқандарға 100 тонна сыр (бояу) сатыпты. Негізі, құрылысқа литрі 1500 теңге тұратын сапалы сыр қолдану керек екен. Өрт шықса темірді балқытпай ұстап тұратын, т.б ерекшелігі бер. Ал, олар болса жай 300 теңгелік сыр алған да, 1500 дің этикеткасын жапсыра салған. 100 тоннадан қанша ақша жемқордың қалтасына кеткенін есептей беріңіз. Ал, сапаны ұрып жатқан ешкім жоқ... Істеп отырған "субподрядчиктер" екен. Одан жоғарғыларын білмедік дейді.
Сосын, кәдімгі "болгарканың" 4 жәшік жүзін (тасын) сатыпты бір жігіт. Саған өтірік маған шын, осы 4 жәшікті 4 рет сатып, 4 рет сатып алып жатырмын депті. Сол баяғы ұрлық. Сатып апарады да, ұрлап алып шығып қайта сатады. Сосын, «ЭКСПО-ның» атынан қайта сатып алады. 4 рет...
Жаупсыздық, немқұрайдылық, 150 литр растворды «Газельден» лақтыра салғанда жарылып, төгіліп қалыпты.
Бұның бәрі кішкене мысал болып көрінуі мүмкін. Иә, «ЭКСПО-ның» бір ғана фирмасы жасап жатқан жағдай. Ал, ол жерде қанша фирма, компания бар. Олардың не істеп жатқанын бір құдай біледі. Есік ашық, құрылыс алаңына кім кіріп шықса да тексеру, тектеу әлсіз дейді.
Халықтың ақшасын ұрлап, жеп, жымқырып, тонап жатыр. Ал, оған үсті-үстіне тағы бөлінуде... «ЭКСПО» сенің не теңің, жылтырап жүріп көтенің деп амалсыз ойлайсың...
Мұрат Алмасбекұлының «Фейсбуктегі» парақшасынан алынды
Пікір қалдыру