Ерасыл Әубәкіров өліміне қатысты күдіктінің біреуі оққағардың жұмысын іздеген (ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708220723985_small.jpg

Астанада жауыздықпен өлтірілген студент Ерасыл Әубәкіров өліміне қатысы бар деп қамауға алынған күдіктілердің бірі ғаламтордан оққағардың жұымысын іздеген, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Қылмыстық іске қатысты қамауға алынған Виталий Шерстенев Астанада тұрғанымен Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы көрінеді. 28 жастағы күдікті құрылыс компанияларының бірінде жүргізуші болып жұмыс істеген. Қайғылы оқиғадан бұрын ол жұмысынан шығып кеткен. В. Шерстеневті тұтқындау туралы сот қаулысында ол жұмыссыз ретінде көрсетілген.

Алайда, оның ОLХ.kz сайты арқылы жұмыс іздегені белгілі болып отыр. Сайтқа берген хабарландыруында ол өзінің оққағар («телохранитель») ретінде немесе жүргізуші болып жұмысқа орналасуға әзір екенін жазған. Жарнама авторы өзінің дене сипаттары мен төзімділігін айтып, премьер-кластағы көліктер айдағанын алға тартқан.

Сондай-ақ, ол үйге барып массаж жасайтын да «өнері» барын ескерткен көрінеді. 

Осы жерде Е. Әубәкіров өліміне қатысты тұтқындалған тағы бір күдікті 31 жастағы Андрей Тихоненко да жұмыссыз екенін айта кету керек. Алайда, кей ақпарат құралдары ол В. Шерстенев екеуі осы істегі үшінші күдікті Аян Мейірбаевтың күзетшілері қызметін атқарды деген де ақпарат таратуда.

Естеріңізге салсақ, 10 ақпан күні Астана қаласының сыртынан азаптап өлтірілген студент Ерасыл Әубәкіровтің мүрдесі табылды. Марқұмды азаптап жатқан сәт түсірілген видео да әлеуметтік желілерде таратылды.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар