Жол ақысын төлеуден бас тартқан жолаушылардан соққы жеп көзінен айрылған алматылық автобус жүргізушісі Алматыда жолаушылар соққыға жыққаннан кейін көзінен айырылған автобус жүргізушісі Қалдыбек Байтанауов «Алматы көлік холдингі» кәсіпорнынан 5 миллион теңге талап етті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы КТК-ға сілтеме жасап.
Жүргізуші «Оңай» жүйесін енгізген компанияның кесірінен мүгедек болып қалдым деп отыр.
«Оңай» компаниясының үстінен шағым түсіремін. Сол жолы «Оңай» тексерушілері болғанда, картасы жоқ адамдарға айыппұл салып, автобустан шығарып тастар еді. Енді маған қаржылай көмек көрсетсін", - деді Байтанауов.
Дәрігерлер жүргізушінің көру мүмкіндігін толықтай қалпына келтіріп бере алмады. Енді ол отбасын қалай асыраймын деп қиналып отыр. «Бір көзім мүлде көрмейді, екіншісі сәл ғана көреді. Екінші топтағы мүгедек болып қалдым, енді ешкімге де керегім жоқ. Ал мен болсам балаларымды асырауым керек», - дейді ол.
"Оңай" жүйесін енгізуші кәсіпорын басшылығы болса айыппұл төлеу негізсіз деп отыр. Олардың айтуынша жәбір көрген жүргізуші жеке автопарк қызметкері. Сондықтан да олар қандай да бір өтемақы төлеудің де реті жоқ деп есептейді.
«Біз тек өз қызметкерлерімізге жауаптымыз. Егер олар жәбірленсе, қолдан келген көмектің бәрін жасар едік. Ал бұл жағдайда таяқ жеген біздің жұмысшы емес. Сондықтан, біз көмек көрсетуге міндетті емеспіз», - дейді "Алматы көлік холдингі" ЖШС баспасөз хатшысы Эльмира Киргеева.
Естеріңізге салсақ, оқиға 8 ақпан күні Алматыдағы Абдуллин және Қазыбек би көшелерінің қиылысында болған. Белгісіз екі жолаушы №13 бағыттағы қоғамдық көліктің жүргізушісін соққыға жыққан болатын.
Пікір қалдыру