Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауына қатысатын саяси партиялар атауларын дауыс беру бюллетеньдеріне жазу тәртібін анықтау үшін жеребе өткізді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Жеребеге қатысқан барлық партия өкілдері реттік сан жазылған қағаздар салынған конверттерді таңдап, өздерінің нөмірлерін анықтаған.
Жеребе нәтижесі бойынша, бюллетеньдегі бірінші орын «Нұр Отан» партиясына бұйырса, одан кейінгі орындарға сәйкесінше «Қазақстан халықтық комунистік партиясы», «Ақжол», «Бірлік», «ЖСДП», «Ауыл» партиялары ие болған.
Пікір қалдыру