Бауыржан Халиолла – Қадыр орталығының басшысы

/uploads/thumbnail/20170708221330056_small.jpg

Бүгін белгілі айтыскер әрі танымал ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Бауыржан Халиолла Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпарат – қа сілтеме жасап.

БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайыновтың айтуынша, осыған дейін Қадыр орталығын басқарып келген әнші-композитор Донеділ Қажымов зейнетке шығуына байланысты қызметінен босады.

Айта кетейік, Бауыржан Ергенұлы бұған дейін облыстық жастар шығармашылығы орталығына басшылық етті. Сырым ауданында дүниеге келген ол - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Халықаралық, республикалық айтыстарда жеңімпаз-жүлдегер атанып үлгерген Бауыржан сонымен қатар жазба поэзиямен айналысады.  Оның «Жұмбақ қыздың жанары» («Жазушы» баспасы, 2001 жыл), «Нәзік бұлт көшіп барады» (Орал қаласы, 2005 жыл), «Жұлдыз жауған жарық түн» (2012 жыл, Орал) атты жыр жинақтары жарық көріп, әдебиетшілер мен оқырман қауымнан лайықты бағасын алды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар