Қазақсың ба?
Я, Онда неге қазақшаны білмейсің?
Таң аттыма?
Я,
Онда неге
өз еліңде жүрмейсің?
Мазақсыңба?
Я,
Болды енді сен
қазақтарға сіңбейсің.
Неге?
Дұбара ұрпақ сол қазақты
түсінбейсің білмейсің.
Не кінәм бар?
Аға мен сәбимін ғой, білмейтін!
Ата-анам ғой сол қазақты
көздеріне ілмейтін.
Аш қаламыз егер кетсек
мынау байлық тірліктен,
Кәпір болып кетсеңдағы
осы арада жұр дейтін.
Е, бейшара онда сенің
әке шешең надан ба?
Жоқ ағатай, саналы олар
ілесіп жүр қоғамға.
Жоқ бауырым, ұлттық сана
оянбаған наданда,
Ұлт деген не?
Зат па әлде адам ба?
Ой, бауырым, адамдарды
ұлтқа бөліп жаратқан.
Бізді қазақ мұсылман деп
жеті атаға таратқан.
Көрсеңші сен тарихыңды
жазып кеткен парақтан,
Әкең менен шешеңе айт
айырмасын қазақтан!
Аға сонда қазақ қайда
жүрген жоқ па қасымда?
Бәрі мендей бөлмап па еді
алты жеті жасында.
Неменеге алаңдайын
үйде бар ғой басым да?
Біреулердің жүрген жоқпын
қалған құтқан асында.
Е, бауырым, санаң солай
уланды ғой сүренсіз,
Айтпаса егер әке-шешең
рас қайдан білерсіз.
Қазақ болсаң ұлтын сүйген
көк ту ұстап жүрерсіз,
Қызыл туға табындырған
ата анаң ғой жігерсіз.
Бел астында өз елің бар
қазағың бар жайлаған,
Ұлты, діні еркіндікте
ана тілде Сайраған.
Көк туы бар көтеретін
Нұрсұлтандай ханы бар,
Аттың басын солай бұрар
ұрпақ қамын ойлаған.
Байлық, мәнсәп, қу дүние
бәрі дағы боқшылық,
Ұлтты ұмыту, тілден азу,
дін жоғалту жоқшылық.
Жеткізбейді Сайран өмір
қарын тойған тоқшылық,
Қоймаңыздар ұрпағыңды
өмір бойы жоқшы ғып.
Төкен Тоқтасынұлы
Қазақстан Талдықорған
Пікір қалдыру