БТА банк басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Еңлік Тайжанов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне басшы болып тағайындалды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
55 жастағы Еңлік Тайжанов – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. Әр жылдары ҰҚК-нің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары (1997-2000 жылдары), департамент басшысы (2000-2001 жылдары) лауазымдарын атқарған. 2001-2009 жылдар аралығында Астана қаласы бойынша ҰҚКД-ні басқарған.
Сондай-ақ, Е. Тайжанов 2009-2010 жылдар аралығында БТА банк басқарма төрағасының орынбасары, 2013-2015 жылдар аралығында ҚР-ның Түркіменстандағы елшісінің кеңесшісі болған.
Пікір қалдыру