Мемлекеттік кіріс комитетінің қызметкері тіс пастасын ұрлап жүр (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708221535561_small.jpg

Ғаламторда өзін Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісімін деп таныстырған қыздың супермаркеттен бір емес, үш бірдей тіс пастасын ұрлағанын мойындап тұрған видеосы жарияланды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Оқиға «Алма» деп аталатын супермаркет ішінде орын алған. Видеодағы көрініске қарағанда «ұрыны» сауда орнының күзетшілері қылмыс үстінде ұстап алған секілді.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті берген түсініктемені Today.kz порталы жариялады.

«Өкінігке орай, осындай оқиға орын алды. Қазір қызметтік тексеріс жүріп жатыр. Тексеріс кезінде видеодағы азаматтың ОҚО бойынша МКД экономикалық тергеу қызметінің аға маманы – аға тергеушісі екені анықталды. Видео 2016 жылғы 6 ақпанда жазылған», - делінген ол түсініктемеде.

Алайда, кіріс комитетіндегілер аталған қызметкердің 2014 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың қазанына дейін ОҚО бойынша МКД қызмет еткенін, қазір оқу демалысында екенін айтуда. Алайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметші оқу демалысы кезінде соңғы қызмет орнының өкімдігінде болатынын ескерткен.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар