Фейсбук әлеуметтік желісінде Джамиля Ибраева-Сергазы есімді қолданушы Жамбыл облысы Бурыл аулына әскерилердің кіру сәті түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Видеоға «Камаз» жүк көліктерімен және бірнеше автобуспен ауылға кіріп келе жатқан әскери колона түсірілген. Түсірушілер көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлеріне қарап әскерилердің Шымкент қаласынан келгенін айтуда. Сондай-ақ, видео авторлары жүк көлігінің бортында жол жүріп келе жатқан сарбаздарға жандары ашитынын білдірген.
«Сорлы солдаттар қатып қалған шығар. Обал-ай!», - дейді олар.
Ескерту: видеода орыс тіліндегі бейпіл сөзге жақын тіркестер қолданылады.
Шымкент пен Тараз қалаларының арасы 179 шақырым екенін, ал, Бурыл ауылы Тараздан 15 шақырым жерде орналасқан.
Естеріңізге салсақ, 15 ақпан күні Бурыл аулында орын алған бала өлімінен соң тұрғындар наразылық білдіріп көшеге шыққан болатын. Кеше ІІМ Қ. Қасымов оқиғаның шешім тапқанын, әскерлердің кері қайтататынын айтқан еді.
Пікір қалдыру