Қытайдан көшіп келген қазақ ауыл құрған

/uploads/thumbnail/20170708221728047_small.jpg

2004 жылы Қазақстанға ҚХР-дан  көшіп келген этникалық қазақ Мақсұтқан Дәлейұлы 2008 жылы  Алматы қаласының шетінен жер сатып алып, сонда ауыл құрған. Оған ауыл құруына көшіп келген оралмандардың әр жаққа шашырап орналасып кетуі себепші болған.  

 

  • Біздің отанға оралған қандастарымыз әр жаққа шашырап кетті. Неге десеңіз, бірыңғай қоныстану мүмкіндігі болған жоқ. Бір жерден сатып алатын бәріне үй шықпайды. Шықса да біреуінің жағдайы келгенмен, екіншісінің жағдайы көтермейді. Сол үшін мен төңірегімде қатарластармен бірігіп, Алматы облысы Қарасай ауданы  Жаңашалмалған ауылдық округінің аумағынан 9,5 гектар  жер сатып алып, халықты ұйымдастыру арқылы  2007 жылы «Баркөл» атымен саяжай құрылыс копаративін құрдым,- дейді 58 жастағы Мақсұтқан Дәлейұлы

 

Корпаратив болу себебі жер бұрын шаруа қожалағының жері болған. Сондықтан Мақсұтқан  Дәлейұлы оны сатып алса да басқа мақсатқа қолдануға мүмкіндігі болмаған. Бұл жерді тұрғын үйге қолдану, қосалқы және ауыл шаруашылығымен айналысу сияқты универсал мақсатқа қарай аударып жүзеге асырған.

Мақсұтқан Дәлейұлы осы ауылды құрарда кедергілер мен қиыншылықтар болғанын ашық айтты. Ол  мақсатқа жету жолында табандылық көрсеткен. Қанша қиындық көрсе де, алған бетінен қайтпай ауылды құрғанын айтады. 

  • Шынын айтқанда, кедергілер көп болды, қолдаушылар жоқ болды ...   Бірақ қайтқан жоқпыз. Бір қадам болсын алдыға жүрдік. Алданған кездеріміз де болды,-дейді ол.

Ауылдың Баркөл деп аталуының себебін сұрағанымызда,

  • Баркөл деп аталу себебі Қытайдағы қазақтардың атажұрт жері. Асан Қайғы ертеректе сол жерге барғанда «Мына жерде құт бар екен,  байлығы да көл екен, бәрі көл екен» деп атаған. Сол «бәрікөл» деген сөз кейіннен «баркөл» аталынып кетті,-  дейді кейіпкеріміз.

Бүгінде Баркөл ауылында  50 шақты семья бар. Бұл жерге 200 отбасының қоныстана алатындай мүмкіндігі бар.

  • Халық риза. 170  метр  тереңдіктен су шығардым. Су ауылдағы көптеген үйлерге кіргізілген.  200KB  трансформатор қойғызып, жарық мәселесін шештім. Қазір газ де келді. Енді қалтасы көтергендер үйлеріне газ қосады. Газдың трубасы келіп тұр, - дейді ауыл құрушы  

Ауыл тұрғыны Махамбеттің айтуынша  «Бұл Мақсұтқанның азаматтық ерлігі  ғой. Оны қолдап қуаттаймыз. Бізде осы ауылдың бір мүшесіміз ғой. Сол енді осы ауылды көркейтуге ат салысамыз» дейді.

Көршісі Күлімхан Тұрысбекқызы 2007жылы көшіп келгенін, ауылдың жылдан- жылға жақсарып келе жатқанын және осы ауылдың құрушысы Мақсұтқан Дәлейұлының еңбегінің зор екендігін айтады.

Әйелі Назиқа Қабыл «Біз ең алғаш осы жерді алғанда бұл жерде не су, не свет болмады. Тіпті бірде – бір үй болмады. Содан бұ кісі су шығарды. Одан кейін свет орнатты. Қандастарының басын бір жерге жинақтады. Оларға қолынан келгенше көмек берген адам. Әлі де көмектесіп келеді» деді.

Айта кетейік, 2015 ж 27 қыркүйекте «Баркөл» ауылының қоныс тойы тойланған.

Қания Табыс

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар